Еттілі бағыттағы асыл тұқым Шотландияда ХІХ ғасырда екі ұқсас асыл тұқымды будандастыру жолымен шығарылды: Абердиншир графтығынан және неғұрлым ірі – Ангусшир графтығынан.
Абердин-ангус тұқымының сыйыры генетика тұрғысынан мүйізсіз, түсі қара, қызыл, кейде қоңыр. Желіні маңында шағын ақ дақ болуы мүмкін. Малдың өлшемі орташа, терең цилиндрлік тұрғысымен, жеңіл қаңқа сүйегімен. Дене бітімі кең, терең, жоғарғы сызығы тура. Мойыны қысқа, білінбейтін түрде иығымен және басымен қосылады.
Абердин-ангус тұқымының малы ең жақсы етті асыл тұқымдар тізімінің жоғарғы жағында орын алған және осы қасиеттерді олар будандастырған кезде тұқымына жақсы табыс етеді
Олардың еті нәзік, жіңішке талшықты, мәрмәрлік дәрежесі жоғары, сондықтан ол стейктерді дайындау үшін ең жақсы деп есептеледі